Степногордағы жылыжай кешені Ақмола облысына көкөніс жеткізе бастады
Степногордағы «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС Ақмола облысына көкөністер жеткізе бастады, делінген «ҚазАгроФинанс»АҚ ақпаратында. |
Құжатқа сәйкес,3,56 га аумақта АӨК-тегі инвестжобаларды жүзеге асыру аясында салынған заманауи жылыжай кешені елорда өңіріне өз өнімдерін жеткізе бастады. Құны Т1,49 млрд жобаны Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС «ҚазАгроФинанс» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырды.
Жылыжай жобалық қуатына шыққан кезде нарыққа 1800 тоннадан аса жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдері, соның ішінде 990 тонна қияр, 792 тонна қызанақ, 50 тонна көк шөп жеткізетін болады. Жоба Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізіліп, ҮИИДБ аясында жүзеге асырылуда.
«ҚазАгроФинанс» – ҚР үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Басты мақсаты – ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің қаржы құралдарына, лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның аграрлық секторын дамыту. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін