Степногордағы жылыжай кешені Ақмола облысына көкөніс жеткізе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Степногордағы жылыжай кешені Ақмола облысына көкөніс жеткізе бастады

Степногордағы жылыжай кешені Ақмола облысына көкөніс жеткізе бастады

Степногордағы «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС Ақмола облысына көкөністер жеткізе бастады, делінген «ҚазАгроФинанс»АҚ ақпаратында.

  • 15 Маусым 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес,3,56 га аумақта АӨК-тегі инвестжобаларды жүзеге асыру аясында салынған заманауи жылыжай кешені елорда өңіріне өз өнімдерін жеткізе бастады. Құны Т1,49 млрд жобаны Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС «ҚазАгроФинанс» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырды.

Жылыжай жобалық қуатына шыққан кезде нарыққа 1800 тоннадан аса жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдері, соның ішінде 990 тонна қияр, 792 тонна қызанақ, 50 тонна көк шөп жеткізетін болады. Жоба Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізіліп, ҮИИДБ аясында жүзеге асырылуда.

«ҚазАгроФинанс» – ҚР үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Басты мақсаты – ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің қаржы құралдарына, лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның аграрлық секторын дамыту. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.

Соңғы жаңалықтар