Caravan Logo

Степногордағы жылыжай кешені Ақмола облысына көкөніс жеткізе бастады

Степногордағы жылыжай кешені Ақмола облысына көкөніс жеткізе бастады

Құжатқа сәйкес,3,56 га аумақта АӨК-тегі инвестжобаларды жүзеге асыру аясында салынған заманауи жылыжай кешені елорда өңіріне өз өнімдерін жеткізе бастады. Құны Т1,49 млрд жобаны Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС «ҚазАгроФинанс» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырды.

Жылыжай жобалық қуатына шыққан кезде нарыққа 1800 тоннадан аса жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдері, соның ішінде 990 тонна қияр, 792 тонна қызанақ, 50 тонна көк шөп жеткізетін болады. Жоба Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізіліп, ҮИИДБ аясында жүзеге асырылуда.

«ҚазАгроФинанс» – ҚР үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Басты мақсаты – ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің қаржы құралдарына, лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның аграрлық секторын дамыту. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.