Ақмола облысы Степногорск қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан 21 жастағы лейтенанттың мәйіті табылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Nayzakokshe паблигіндегі ақпаратқа сүйенсек, 21 жастағы лейтенант асылып өлген.
«Полиция департаменті осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір жедел тергеу шаралары жүріп жатыр. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды», — деп хабарлайды полиция департаменті.