Степногорск, Приозерск және Курчатов қалаларында техносаябақ құру тиімсіз - Қазақстан экономистері қауымдастығының қамқоршылары кеңесінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Степногорск, Приозерск және Курчатов қалаларында техносаябақ құру тиімсіз - Қазақстан экономистері қауымдастығының қамқоршылары кеңесінің төрағасы

Степногорск, Приозерск және Курчатов қалаларында техносаябақ құру тиімсіз - Қазақстан экономистері қауымдастығының қамқоршылары кеңесінің төрағасы

"Степногорск, Приозерск және Курчатов қалаларында техносаябақ құру бұл қалаларға шетелдік инвесторларды тарту мүмкіндігі жағынан алғанда тиімсіз". Бүгін, 9-сәуірде "Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясы : нақты ахуал және үміт" тақырыбы бойынша Астанада өткен дөңгелек үстелде Қазақстан экономистері қауымдастығының қамқоршылары кеңесінің төрағасы Арыстан Есентүгелов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 9 Сәуiр 2004
  • 809
Фото - Caravan.kz

«Техносаябақтар шетелдік инвесторларды тартуға шешуші жағдайлар жасалған, атап айтсақ, кәсіби мамандары мен жұмыс күші жеткілікті, арзан қор, шикізат, электр қуаты және өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жерлерде ғана салынуы тиіс»,- деді ол. А.Есентүгеловтың пікірінше, қазір «техносаябақтарды орналастыруға лайық» ден танылып отырған Степногорск, Приозерск және Курчатов қалалары жоғарыда атап өтілген алғышарттар тұрғысынан тиімсіз, келешегі жоқ қалалар.

А.Есентүгеловтың пайымдауынша, «техносаябақтар салуға Алматы маңындағы Алатау ауылын қоспағанда, Астана, Атырау, Қарағанды және Қапшағай қалалары артықша қолайлы».
Қазақстан экономистері қауымдастығының қамқоршылары кеңесі төрағасының сөзіне қарағанда, Астанада техносаябақты техникалық профильді университетпен қоса қала сыртында құруға болар еді. «Университет іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге қабілетті, озық және ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияларды жобалай алатын және осы салада мамандар дайындай алатындай деңгейде болуы тиіс». А.Есентүгеловтың айтуынша, дәл осындай құрылымы бар техносаябақтарды Атырау мен Қарағандыда да салуға болады. «Өйткені, бұл қалалар шикізат қорының арқасында шетел капиталы шоғырланғандығымен, шетелдік инвесторлар мен шетелдік мамандар көптеп келетіндігімен тартымды». «Ал Қапшағай қаласына келсек, ол Алматының жоғары дамыған инфрақұрылымын пайдаланып, жұмыссыз жастарды тарта алады, сондай-ақ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ мен қаладағы жобалық институттардың қызметін тұтынуға мүмкіндігі бар»,- деді А.Есентүгелов.

Соңғы жаңалықтар