Степногорск қаласында спорт мектебінің тәрбиеленушісі өз-өзіне қол салған

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан облысынан келген бала мектептің қосалқы бөлмесінде асылып қалған.

Қазір аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Мамандар дзюдомен айналысатын спортшының өмірмен қош айтысуына қандай жағдайлар себеп болғанын анықтайды.