Степногорск қаласындағы техносаябақты дамыту жоспарын жүзеге асыруға 120 млн. доллар көлемінде инвестиция қажет - ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Степногорск қаласындағы техносаябақты дамыту жоспарын жүзеге асыруға 120 млн. доллар көлемінде инвестиция қажет - ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары

Степногорск қаласындағы техносаябақты дамыту жоспарын жүзеге асыруға 120 млн. доллар көлемінде инвестиция қажет - ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары

Степногорск қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндірістік бірлестігі негізіндегі биотехнологиялар түрін дамытуға арналған техносаябақ салу жоспарын жүзеге асыруға 120 млн. доллар көлемінде инвестиция қажет. Бұл туралы бүгін, 26-қаңтарда инвестициялық жобалардың тұсаукесерінде сөз сөйлеген ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Нұралы Бектұрғанов хабарлады.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 741
Фото - Caravan.kz

Жалпы алғанда Н.Бектұрғанов көбінесе өсімдік тектес шикізатты, соның ішінде бидай дәнін терең өңдеуге бағытталған 12 инвестициялық жобаны таныстырды. Олардың арасында бидайдан желімтік және гален препараттарын өндіруге арналған техникалық спирт шығарып алуға бағытталған, сондай-ақ, витаминдер, вакциналар, антибиотиктер, мал дәрігерлік антибиотиктер, антибиотиктер өндірісіне арналған субстанциялар, медициналық сорбенттер, қансорғыш жәндіктермен күрес құралдарын, биологиялық және бактериологиялық тыңайтқыштар, пестицидтер, микробиологиялық өсімдік қорғау құралдары, жемдік қоспалар мен ферменттер өндіруге бағыттаған жобалар бар.

Соның ішінде астықты терең өңдеу және антибиотик субстанцияларын өндіруге арналған жобалар негізгі болып саналады. Астықты кешенді өңдеу жобасы бойынша жылына 53 мың тоннадан астам желімтік өндіру көзделіп отыр. Өнімнің 80 проценттен астамын таяу және алыс шетелдерге шығару жоспарланған. Жобаны жалпы қаржыландыру көлемі 60 млн. доллардан асады. Жобаның ақталу мерзімі 5 жылға есептелген.
Н.Бектұрғановтың айтуынша, бұл өндірістің қосалқы өнімдері болып табылатын крахмал мен қауыз басқа ұсынылып отырған жобаларға арқау болады. Антибиотик субстанцияларын өндіру жобасы бойынша қажетті инвестиция көлемі 39 мың АҚШ долларын құрайды.
Техносаябақ өнімдері азық-түлік және фармацевтика өндірісінде, ауылшаруашылығында, тау-кен саласында, мұнай өндіруде, жеңіл өнеркәсіп және басқа да салаларда қолданылуы мүмкін.
Қазір «»Прогресс» ғылыми-өндірістік бірлестігі Техносаябағы» АҚ-ның құрылымына «Биомедпрепарат» АҚ, «Биоөнеркәсіптік технология» институы мен медициналық-биологиялық факультет қамтылады.

Соңғы жаңалықтар