Стинг билеттері 7 шілдеде Алматы, Астана және Қарағандыға қайтарыла бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стинг билеттері 7 шілдеде Алматы, Астана және Қарағандыға қайтарыла бастайды

Стинг билеттері 7 шілдеде Алматы, Астана және Қарағандыға қайтарыла бастайды

Стинг концертінің билеттері 7 шілде күні Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында қайтарыла бастайды.

  • 4 Шiлде 2011
  • 534
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қала күні мерекесін ұйымдастыру комитеті штабының медиа-топ жетекшісі Жанар Колбачаева мәлім етті.

Оның айтуынша, Астанада 4 шілде күні қала күніне орай өткізілмек болған Стингтің концерті әртістің гастроліне жауапты мәскеулік «STCS management» компаниясында болған ұйымдастыру-техникалық ақау себептеріне байланысты концерт өткізу мүмкін емес болып отыр. Келісімшарт бойынша, концерт ұйымдастыруға кеткен барлық шығынды аталмыш компания қайтаратын болады. Себебі Ж. Колбачаеваның сөзіне қарағанда, «қазақстандық тарап Стингтің техникалық және тұрмыстық талабын 100 пайыз орындап шыққан».

Оның атап өткеніндей, Стингтің концертіне билет сатып алған әрбір көрермендерге билет құны толық қайтарылып беріледі. «Билеттер 7 шілде күні қайтарыла бастайды. Бұл шара барлық билеттер қайтарылмайынша үзілмей жүргізіледі», — дейді ол.

Ұйымдастырушылардың мәліметтері бойынша, 4 шілде күні «Сарыарқа» велотрегінде өтуі тиіс болған концерт билеттерінің 70 пайызға жуығы сатылып үлгерген.

Толық мәліметті astana2011.kz сайтынан білуге болады.

Соңғы жаңалықтар