Стингтің концерттен бас тартуына қудалауға ұшыраған олигархтар ықпал етуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стингтің концерттен бас тартуына қудалауға ұшыраған олигархтар ықпал етуі мүмкін

Стингтің концерттен бас тартуына қудалауға ұшыраған олигархтар ықпал етуі мүмкін

Әйгілі әнші Стингтің Астанада концерт өткізуден бас тартуына сыртта қашып жүрген қазақстандық олигархтар ықпал еткен болуы мүмкін.

  • 7 Шiлде 2011
  • 620
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының бас директоры Асқар Балжанов мәлім етті.

«Мен ешкімге айып таға алмаймын. Меніңше, бұған бар байлығын алып, ұшақпен, пароходпен шетел асып кеткен отандастырымыздың ықпалы болған болуы керек», — деді ол бейсенбі күні журналистерге.
А.Балжанов Amnesty International құқық қорғау ұйымының көтеріліске шыққан қазақстандық мұнайшыларға қатысты мәлімдемесіне қатысты пікірін де білдіре кетті. «Егер аталған ұйым бұл мәселені мұқият қарап шығып, Қазақстанға өкілін жібергеннен кейін мәлімдеме жасаса түсінер едім. Бірақ Amnesty International ешкімге хабарласқан жоқ, мұнайшылар қатаң қысым көріп жатыр дегенді қайдан шығарғаны белгісіз», — деді ол осы орайда.
«Біз мұнайшылардың ешқайсысын қатты қысқан жоқпыз. Тек, көтерілісшілер Ақтаудағы облыс әкімдігіне кіреберісті қоршап алмақ болған кезде құқық қорғаушылар 100-150 адамды қууға мәжбүр болғаны рас. Бұдан басқа ештеңе де болған жоқ», — деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар