Стипендиат Сұлтан Ілияс: Біз сияқты жас ұрпақ бірегей энергияға, идеяға және әлеуетке ие - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стипендиат Сұлтан Ілияс: Біз сияқты жас ұрпақ бірегей энергияға, идеяға және әлеуетке ие

Стипендиат Сұлтан Ілияс: Біз сияқты жас ұрпақ бірегей энергияға, идеяға және әлеуетке ие

Сұлтан мектепте оқып жүріп химиялық реакцияларды көрген кезде-ақ мамандық таңдап қойған. Бүгінде ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының төртінші курс студенті.

  • 5 Наурыз
  • 1
Фото - Caravan.kz

—  Жас кезімнен жаратылыстану ғылымымен әуестендім, себебі оны іргелі ғылым деп санайтынмын. Мені әрқашан табиғаттың заңы мен қағидасы қызықтырды. Химия заттар құрылымының құпиясын ашуға мүмкіндік береді. Молекулалар – әлемдегі барлық нәрсенің негізгі, құрылыс блоктары болып табылады, олардың құрылымы мен өзара әрекеттесуін зерттеу қызықты заңдар мен заңдылықтарды ашады, — дейді Сұлтан Ілияс.

Мектеп кезінде біздің стипендиат олимпиадаларға белсенді қатысып, республикалық және халықаралық деңгейдегі жүлделі орындарға қол жеткізді. Студенттік кезде бірқатар жеңіске жетті. Атап айтқанда, республикалық пәндік олимпиадаларда, «PetroGames» және «League of chemists» сынды жобаларда бірінші орын алған. Жақсы оқумен бірге Сұлтан ЖОО-да «Болон процесі бойынша студенттік бюро» ұйымының төрағасы болып, қоғамдық қызметпен айналысады.

Қордың стипендиясы туралы ол интернеттен білген. Болашақ химик қатысуға бірден шешім қабылдады, өйткені ол үшін кез келген байқау немесе жарыс – өзін-өзі сынау әрі білімін тексеру.

— Бүгінде бізде мүмкіндік көп, елдің дамуына қосқан үлесіміз оның болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Біз сияқты жас ұрпақ еліміздегі оқиғаның барысын өзгерте алатын бірегей энергияға, идеяға және әлеуетке ие. Біз бірегей сын-тегеурін мен мүмкіндіктің алдында тұрмыз, бәріміз бірге Қазақстанды қуатты, гүлденген елге айналдыра аламыз. Сіздердің идеяларыңыз, шығармашылығыңыз бен  күш-жігеріңіз түрлі саладағы инновациялар мен дамуға ықпал етуге негіз  бола алады, — дейді Сұлтан.