«Евровидение» музыкалық байқауы — ашықтығымен, барлығын қабылдауымен ерекшеленеді. Бұл мереке Сткокгольмнің барлық жерінде сезілетін болады», — деді Стокгольм мэрі Карин Ваннгорд.
Апта жексенбіде таңертең қатысушы елдердің жалауын көтеру рәсімімен басталады. Ол Королевский сарайы алдында өтеді. Шараға қатысушы елдер елшілері, артистер, олардың делегация мүшелері, «Евровидение» жанкүйерлері, әкімдік өкілдері, Еуропалық хабар тарату одағынан байқау ұйымдастырушылары және шведтік SVT телевидениесі шақыртылды.
Жарысқа 42 елден әншілер қатысады, деп хабарлайды РИА Новости.