«STOP-трафик» нәтижесінде 49 "жеңгетай" және 409 «түнгі көбелек» анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«STOP-трафик» нәтижесінде 49 "жеңгетай" және 409 «түнгі көбелек» анықталды

«STOP-трафик» нәтижесінде 49 "жеңгетай" және 409 «түнгі көбелек» анықталды

23-27 мамыр аралығында өткізілген «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде 49 жеңгетай және 409 «түнгі көбелек» анықталды.

  • 1 Маусым 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті осындай ақпарат таратты.

109 адам жеке басын анықтайтын арнайы әлеуметтік мекемелеріне орналастырылды, олардың ішінде ТМД-ның 63 азаматы бар. Осы топтағы 114 азамат Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған. Мысалы, Алматы облысының ІІД ҰҚҚ КБ-ның қызметкерлері нәпсіқұмарлық пайдалану мақсатында қыздарды алдап-арбаумен, жезөкшелікке тартумен және бас бостандығынан заңсыз айырумен, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысу үшін қылмыстық топ құрып, оны ұзақ уақыттан бері басқарған облыс тұрғынын ұстап, оған қатысты қылмыстық істі қозғады. Маңғыстау облысының ІІД ҰҚҚ КБ-ның қызметкерлері облыс тұрғынын 50 000 теңгеге сатқан 33 жастағы әйелді ұстады. Ал Алматы қаласының ІІД ҰҚҚ КБ-ның қызметкерлері қаладағы қонақ үйлердің бірінде Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан қыз баланы ұрлап, оны жезөкшелікпен айналысуға итермелеген алматылық азаматты құрықтады.

Соңғы жаңалықтар