«Стоп-трафик» шарасының барысында 95 адамды тәртіп сақшыларының құрығына ілінді
Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Стоп-трафик» жедел-сауықтыру шарасының барысында 95 адамды ұстады. |
Бұл туралы бүгін осы мәселеге байланысты қалалық Ішкі істер департаментінде өткен брифингте мәлім болды.
Ұсталған азаматтардың 84-і ақылы түрде интимді қызмет көрсетумен айналысып жүрген. Олардың 32-і арнайы есепке қойылды. Департаментке жеткізілген азаматтардың барлығы да ішкі істер саласы бойынша тексерулерден өтіп, «Бейне+» есебінің тізіміне енгізілді. Ал қалалық қабылдап-жайғастыру орнына 9 қыз орналастырылды. Олардың 6-уы Қазақстан азаматшалары, ал өзгелері Өзбекстаннан келген.
Ескерте кетейік, «Стоп -трафик» жедел сауықтыру шарасы притондардың қызметіне тосқауыл қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу, адам трафигіне алып келетін қылмыс түрлерінің қылмыстармен күрес сияқты әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Шара елордада 23- 27 мамыр аралығында өткізілді. Тәртіп сақшылары Астанадағы сауналарды тексеріп, қаланың 3 тұрғынын ұстады. Олар сауна қызметін пайдаланушыларға қыздар тауып беріп, осы қызметі үшін мол пайдаға кенеліп жүрген. Осы әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін