Strandja-2013: Қазақстан боксшылары 1 «алтын», 2 «күміс» еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Strandja-2013: Қазақстан боксшылары 1 «алтын», 2 «күміс» еншіледі

Strandja-2013: Қазақстан боксшылары 1 «алтын», 2 «күміс» еншіледі

Болгария астанасы София қаласында өткен бокстан Strandja-2013 халықаралық турнирінде еліміздің күрзі жұдырық жігіттері 1 алтын, 2 қола медаль иеленді.

  • 25 Ақпан 2013
  • 408
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

49 келі салмақта шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Теміртас Жүсіпов финалдық кездесуде азербайжандық спортшыны ұтып, жеңімпаз атанды. Ал 60 келі санатында «алтын» үшін жұдырықтасқан Ғани Жайлауов өкінішке орай, 2009 жылғы әлем чемпионы, болгариялық Детелин Далаклиевке небәрі 1 ұпай айырмашылықпен ұтылуға мәжбүр болды. Сондай-ақ 91 келіден жоғары салмақ санатында еліміздің намысын қорғаған Жан Кособуцкий ақтық сында беларусьтық Виктор Зуевке есе жберіп, күміс медальді қанағат тұтты.

Бұдан бөлек, халықаралық турнирде бақ сынаған спортшыларымыз Айдар Әмірзақов пен Бақытжан Қожабековтер ширек финалда сүрінді.

Естеріңізге сала кетейік, осымен 64-ші рет өткен халықаралық турнирге әлемнің 15 елінің боксшылары қатысты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера