Стратегиялық бағдарлама - елімізде жұмыссыздықты азайтудың тиімді тетігі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стратегиялық бағдарлама - елімізде жұмыссыздықты азайтудың тиімді тетігі

Стратегиялық бағдарлама - елімізде жұмыссыздықты азайтудың тиімді тетігі

Бүгінгі таңда еліміздің алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі - жұмыссыздық. Елімізде жұмыссыз адамдар саны 2008 жылы 559 мың болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 6,9-5,5 пайызға көтерілді.

  • 15 Шiлде 2011
  • 1058
Фото - Caravan.kz

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі өзін өзі жұмыспен қамтығандар 16,5 пайызды құрап отыр. Жасыратыны жоқ, бұл көрсеткіштің көбісі тапқандары өздерінен арылмайтын ауыл тұрғындары мен зейнеткерлер. Ал, елімізде өзін-өзі жұмыспен қамти алмай отырғандардың саны да едәуір өсіп отыр. Халқымыздың әлеуеті жақсармай, жұмыссыздардың саны да азаймай — еліміз алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі. Елімізде күннен күнге көбейіп келе жатқан жұмыс адамдардың санын қалайша азайтуға болады? Міне, осындай сауалдарға жауап іздеп, түйткілді түйіндерді шешетін жаңа бағдарлама өмірге келіп, өз жұмысын бастап та кетті.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеген болатын. Осы тұрғыда, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу — Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Елбасының тікелей тапсырмасымен маңызды құжатта жүктелген міндеттер негізінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қабылданған болатын. Үкімет басшысы К. Мәсімов: «Осы бағдарлама арқылы халықты лайықты еңбек орнымен қамтамасыз ету — халықты әлеуметтік қорғаудың негізі. Осы арқылы адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шартын құру, қоғамдық байлықтың арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға тиіспіз», — деп атап көрсеткен еді. Аталмыш стратегиялық бағдарлама алдағы он жылдың ішінде бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылмақ.

Негізінен ағымдағы жыл — үш бағытты, үш кезеңді қамтитын стратегиялық бағдарламаны жүзеге асырудың ілкі жылы ретінде қарастырылып отыр. Яғни, бағдарламаны іске асырудың тетіктері атқарылып, оның құқықтық қамтамасыз етілуі қарастырылады. Осы мақсатқа бюджеттен 40 млрд. теңге жұмсалмақ. Ал алдағы жылдарға шамамен 100 млрд. теңге қарастырылады. Ал екінші кезеңі 2012-2015 жылдары, ал үшінші кезеңі 2016-2020 жылдары іске асырылады.

Бағдарламаның аталмыш үш бағытына тоқталсақ, бірінші бағыт — еңбек нарығындағы өзін өзі жұмыспен қамтушыларды, жұмыссыздарды, аз қамтылған отбасылар мүшелерін оқыту, оларды жұмыспен қамтыса, екінші бағытта кәсіпкерліктің ауылдық жерде дамуына жәрдемдесу жүзеге асырылады. Ал, үшінші бағыт — еңбек ресурстарының жинақылығын арттыруды көздейді.

Бағдарламаның бірінші бағытына сәйкес, алдымен жергілікті әкімдіктер деңгейінде әлеуетті қатысушылар анықталатын болады. Сосын олармен әлеуметтік келісім-шарт жасалады, онда азаматтың қай бағытты игеру мүмкіндігі, ебі сараланып, одан соң сол адаммен консультация жасалып, оқу ұсынылады. Шәкіртақы мен жол жүруге қажетті шығындар қарастырылады. Ең соңында келісімшарттың міндетті шарты ретінде әлгі азамат жұмысқа орналасады. Бұдан кейін, белгілі бір кезеңге дейін жұмыс берушімен қосымша қаржыландыру туралы шарт жасалады.

Бағдарламаның мақсаты — өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықты табысты экономикалық еңбекке тарту, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жолында кадрлық әлеуетті арттыруға негізделген,- дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова.

Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама бірінші кезекте тұрғылықты жері бойынша дайындықтан өткізуге, еңбекпен қамтуға, сондай-ақ азаматтың жеке ісін ұйымдастыруға қолдау көрсетуге арналған.

Мұнымен қоса, бағдарламаның екінші бағытында негізгі басымдық жеке өз ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға арналмақ. Осы орайда кеңес беру қызметтері, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, шағын несиелер беру, инфрақұрылымды дамыту секілді қолдау түрлері қамтылмақ. «Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі ретінде шағын несиелер қамтамасыз етіледі», — дейді Г. Әбдіхалықова.

Атап айтқанда, шағын несиелер қайтарымды негізде 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Және оның көлемі 3 млн. теңгеден аспайды.

Сонымен, аталған жаңа стратегиялық бағдарлама — елімізде жұмыссыздықты азайтудың тиімді тетігіне айналғалы отыр.