Жарияланды: 360

Стресс қоры сатып алатын активтер үшін дисконтты оның құнының 10% деңгейінде белгілеу көзделіп отыр - Бахмутова (толық нұсқасы)

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Стресс қоры сатып алатын активтер үшін дисконтты оның құнының 10% деңгейінде белгілеу көзделіп отыр. Осы мәселе қазір талқылану үстінде. Бұл туралы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"10-пайыздық дисконт жайлы мәселе қазір талқыланып жатыр. Жалғыз белгілісі, кепілдікке кез-келген жылжымайтын мүлік қойылған активтер сатып алынады. Олар тұрғын үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік, немесе, жер болуы мүмкін", -деді ол. "10% - баланстық құннан есептеледі", -деді Е.Бахмутова. "Негізінен күмәнді санаттағы несиелер сатып алынады деп жорамал жасап отырмыз. Күмәнділігі жағынан төртінші-бесінші санаттағы несиелер. Стандартты немесе мүлдем үмітсіз несиелер жайлы сөз болып отырған жоқ. Стресс жағдайындағы, қызмет көрсетіліп жатқан несиелер туралы айтып отырмыз ",- деді агенттік төрайымы. Е.Бахмутованың мәліметінше, қазір Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің несиелік қорыжынында үмітсіз несиелер 3,3% құрайды. "Жалпы алғанда, несиелік портфель 9,1 трлн теңгеге тең. Осы көлемнің 3,3% - үмітсіз несиелер", - деді Е. Бахмутова. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін