Қаладағы Мерей және Ақмешіт аудандарының алғашқы тұрғындарына газ беру жөніндегі салтанатты шара Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орайластырылды.
Стройтрансгаз компаниясы жобаны жүзеге асыру жөніндегі ашық байқауда жеңіске жеткен. Шарт талаптарына сәйкес Ресейлік компания бас мердігер ретінде қажетті құжаттарды дайындап, полиэтилен құбырлардан жоғары және төмен қысымды газ құбырын жобалау және тарту, орталықсыздандырылған жылу қамтамасыздығы жүйесін құру, құрал-жабдықтар беру, 20 газ тарату орнын салу шараларын жүзеге асырды.
Сондай-ақ Стройтрансгаз компаниясы озық технологияларды қолдана отырып есептеу жүйесін жобалап іске қосу, нысанды пайдалануға беру және мамандарды оқыту, сынақ және құрастырып іске қосу жұмыстарын да атқарып шықты.
2005-жылдың алғашқы жартысында келісім-шартында көрсетілген жұмыс көлемі толық жүзеге асырылуы тиіс. Құбырлардың жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асады.
«Стройтрансгаз» ААҚ компаниясы Ресейдің мұнайгаз саласындағы инжинирингтік құрылыс компаниялары арасындағы жетекші компания болып табылады. Қазір бұл компания Алжир, Греция, Үндістан, Қазақстан, Румыния, Судан, Финляндия тәрізді дүниежүзінің 18 елінде жұмыс істейді.