Стросс-Кан енді қызметкерлерді тек ер адамнан жалдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стросс-Кан енді қызметкерлерді тек ер адамнан жалдайды

Стросс-Кан енді қызметкерлерді тек ер адамнан жалдайды

Бұрынғы ХВҚ басшысы Доминик Стросс-Кан сот үкімін күтіп, үйқамақта тұрып жатқан Нью-Йорктегі пәтерін тазалап жинауға тек ер адамдарды жалдайтын болды.

  • 1 Маусым 2011
  • 369
Фото - Caravan.kz

Осындай жолмен, деп жазады бүгін американың баспасөзі, Стросс-Кан әйел айналдырды деген жаңа айыптаулардан сақтануды көздейтін сияқты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Өткен аптада Халықаралық валюта қоры экс-басшысының отбасы жалға алып отырған аумағы 630 шаршы метр баспанасын жинап, тазалауға екі ер адамды шақырған. Баспасөздің айтуынша, олар айыпталушының қызы мен әйеліне дүкен аралап, сауда жасауға көмектескен.

АҚШ-та қонақүйдің қызметкер әйелін зорлауға әрекет жасады деген айып тағылып отырған ХВҚ бұрынғы басшысы қазіргі уақытта Нью-Йорктің Трайбек ауданындағы 14 миллион доллар тұратын үш қабатты үлкен үйде тұрып жатыр. Үйдің ішінде кинотеатр, тренажер залы, сауна, төрт ұйықтайтын бөлме бар. Осы үйде тұрғаны үшін Стросс-Кан айына 50 мың доллар пәтерақы төлейді.

Соңғы жаңалықтар