Жарияланды: 410

Стросс-Канға қатысты қылмыстық істің шикілігі шыға бастады

ХВҚ бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Канға қатысты қылмыстық істің шикілігі шыға бастады. Өйткені, тергеушілер Д.Стросс-Кан зорлады деген келіншектің сөзінің растығына күмәндана бастаған, деп жазады The New York Times басылымы.

Басылымның хабарлауынша, тергеушілер 32 жастағы қонақ үй қызметкерінің Нью-Йорк отелінде болған оқиға мен өзі туралы айтқандарының қисыны келмейтінін байқаған. Сонымен қатар, оның есірткі қылмыскерлермен қатысы барын растайтын айғақтар да табылған. Жұма күні сот Д.Стросс-Канды кепілдік негізінде босату мәселесін қарастырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін