Студент қыздар несие алу үшін жалаңаш суреттерін кепілдікке қойып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Студент қыздар несие алу үшін жалаңаш суреттерін кепілдікке қойып жүр

Студент қыздар несие алу үшін жалаңаш суреттерін кепілдікке қойып жүр

Студенттер онлайн-несие алу үшін өздерінің интимдік фотосуреттерін кепіл зат ретінде пайдаланып жүр. Егер қарыз алушы берешегін уақытымен әрі толық төлей алмаса, несие беруші оның жалаңаш суреттерін желіде жариялаймын деп қорқытады.

  • 8 Маусым 2017
  • 1585
Фото - Caravan.kz

Бұл – Қытайда болып жатқан жағдай. Онда қарызды онлайн арқылы беретіндер студент қыздардың төлқұжатпен бірге интимдік фотоларын да жіберуін сұрайды. Ал олар кейін берешегін қайтарудан бас тартып жатса, қорқыту үшін сол суреттерді пайдалана қояды, деп жазыпты Tjournal.ru.

Сондай несие иеленген қыздардың бірі артынан қарызға белшеден батқан. Ол алдымен аптасына 30 пайыз өсіммен 500 юань (шамамен 23 мың теңге) алыпты. Кейін бұрынғы берешегін қайтару үшін тағы несие алып, ақырында 55 мыңдай юань (шамамен 2 530 000 теңге) қарыз болып қалған. Сосын несие беруші жалңаш суреттерін жариялаймын деп қорқытыпты.     

Енді бір студент қыз 10 мың юаньды тіпті интимдік видеосын жіберу арқылы алған. Ал несие берушінің оған қорқытып жіберген скриншоттары әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында тарады. Бұл қыздың қарызды жасанды түсік жасату үшін алғаны оның жағдайын тіпті қиындатып жіберген.


Әдетте мұндай несиелер 500-ден 5 мың юаньға дейін беріледі екен. Оған қойылатын 30 пайыз үстеме қалыпты болып саналады. Негізі, Қытайда тұтынушылық несиенің жылдық үстеме ақысының шекті мөлшері 24 пайыз деп белгіленген.

Соңғы жаңалықтар