Студенттер АТОМ Жобасының онлайн петициясына қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Студенттер  АТОМ Жобасының онлайн петициясына қол қояды

Студенттер АТОМ Жобасының онлайн петициясына қол қояды

2012 жылдың 16 қарашасы күні Алматы қаласындағы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы студенттерінің АТОМ Жобасының онлайн петициясына қол қою шарасы өтеді.

  • 15 Қараша 2012
  • 382
Фото - Caravan.kz

2012 жылдың тамыз айында Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды сынауға тұтастай толық тыйым салуға, сөйтіп оның көзін мүлдем жоюға қол жеткізуді көздейтін жаһандық қоғамдық күштерді біріктіруге бағытталған АТОМ Жобасы іске қосылғанын мәлімдеді.

АТОМ Жобасы — 21 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жаһандық ядролық қарусыздануға қол жеткізудің іс-әрекеттері мен ұстанымының дәстүрін жалғастырған Президент Назарбаевтың жаңа бастамасы.

АТОМ жобасы адамдардың бірігуі жер бетіндегі халықтың ядролық сынақтардан азат болуды талап ететіні әрі оған лайық екенін әлем басшыларына көрсету мақсатында әлемдегі миллиондаған адамдарды ядролық сынақтарды тоқтатуға шақырған күресте біріктіру жолымен үздіксіз нақты өзгеріске қол жеткізу үшін әзірленген.

Жобаны Елбасының ядролық қаруды таратпау мен қарусыздандыру, ядролық жауапкершілік туралы талабына сай алға бастыру міндетін қамтитын «Назарбаев орталығы» жүзеге асырады.

«Назарбаев орталығы» 2012 жылдың 23 қаңтарында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен көп функциялы, ғылыми-талдамалық, ағартушылық-гуманитарлық мемлекеттік мекемесі болып құрылды. «Назарбаев орталығы» гуманитарлық өзара әрекеттер мен озық ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары, сондай-ақ ағартушылық бастамалары негізіндегі даму мен бейбітшілікті нығайту мақсатын ұстанатын жетекші президенттік орталықтардың бірі болуды мақсат етеді. АТОМ Жобасын жүзеге асыруға міндеттелген Орталық Қазақстанның елордасы Астанада орналасқан.

Толық ақпаратты АТОМ Жобасының www.TheATOMProject.org сайтынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар