Студенттер Қазақстан мен Белгия арасындағы қарым-қатынас туралы көбірек білетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Студенттер Қазақстан мен Белгия арасындағы қарым-қатынас туралы көбірек білетін болады

Студенттер Қазақстан мен Белгия арасындағы қарым-қатынас туралы көбірек білетін болады

9 маусым күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстандағы Бельгия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Даниель Бертран

  • 8 Маусым 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

«ЕО және ЕҰУ достастық көпірі» жобасы аясында «Қазақстан мен Бельгия арасындағы екі жақты байланыс» атты тақырыпта ЕҰУ студенттері алдында дәріс оқиды.

Оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер мен магистранттар, докторанттар өздерін қызықтырған сауалдарын елшілерге қоюға мүмкіндіктері бар. Ал елшілердің дәрісінен алынған құнды ақпараттар болашақта көптеген ғылыми жұмыстарға арқау бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның алғашқы бөлімін салтанатты түрде өткен жылдың 24 қарашасы күні Қазақстан Республикасындағы Еу­ро­па Одағы өкілдігінің басшысы Норбер Жустен мырза бастап берген болатын. Бүгінге дейін Латвия, Словакия, Грекия, Испания, Германия, Финляндия, Венгрия, Ұлыбритания, Румыния, Литва, Чехия, Италия және Франция, Нидерланды мемлекеттерінің елшілері дәріс оқыды. Біріккен Еуропа дипломатиялық делегациясының басшылары оқыған дәріс ЕО өмірінің және өз елдерінің түрлі салаларын қамтыды.

Аталған жоба салтанатты түрде келесі аптада Польша елшісінің дәрісімен ресми түрде жабылады.

Соңғы жаңалықтар