Жарияланды: 400

Студенттер «ҚР жастар саясаты туралы заңын» жасауға белсене араласуы тиіс - М. Әбенов

Студенттер «ҚР жастар саясаты туралы заңын» жасауға белсене араласуы тиіс.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен І Ұлттық студенттік Слетте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов айтты. «Елбасының тапсырмасына сәйкес, біздің алдымызда жастар туралы жаңа заңды қабылдау жұмысы күтіп тұр. Бүгінгі кешті пайдалана отырып, жастарымызды белсенді болуға, жаңа заң жобасын жасауда бізбен қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырғым келеді», - деді М. Әбенов. Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі жастармен ашық жұмыс жасауға, соның ішінде заң жобасын бірлесіп әзірлеуге дайын. «Біз кез келген озық ойды кез келген алаңда талқылауға әзірміз. Ондай пікір алмасу алаңдары жуырда еліміздің барлық өңірлерінде ашылады деп ойлаймын», - деді министрдің орынбасары. Естеріңізге сала кетейік, «ҚР Жастар саясаты туралы Заңы» биылғы жылдың басында ҚР Парламенті Мәжілісіне талқылауға жіберілген болатын. Алайда ол көп сынға ұшырады. Сол заң жобасын сынағандардың ішінде Сол кездегі мәжіліс депутаты Мұрат Әбенев те болды. «Иә, «жастар саясаты туралы» заң жобасының шешілмеген мәселелері көп болды. Неге десеңіз, жастар туралы заң сол жастарға өдерінің инновациялық жобаларын жүзеге асыруға көмектесуі қажет. Ал өтпей қалған заң жобасында өкінішке орай, ойластырылмаған мәселелер өте көп болды, соның ішінде қаржылық мәселелер де оңтайлы шешілмеген еді», - деді М. Әбенов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін