Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

Елорда хостелдері студенттерге жатын орынды жалға алудың жеңілдетілген нұсқасын ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

  • 21 Қыркүйек 2017
  • 170
Фото - Caravan.kz

"Көрменің аяқталуына байланысты қаладағы хостелдердің көпшілігі жұмыс бағытын өзгертіп жатыр. Олар ұзақ мерзімді жалға беруге көшті. Бұл студенттер мен жұмыс бабымен келген қонақтарға қолжетімді әрі тиімді ұсыныс", — деді медиаорталықтың тілшісіне берген сұхбатында "Астана конвеншн бюро" ЖШС бас менеджері Марат Әлмағанбетов.

Оның айтуынша, қазір орта есеппен хостелдегі бір орынды жалға алу бағасы айына — 25 мың теңге.

"Оқу жылының басталуымен кейбір хостелдер жеңілдік ұсынып отыр. Сол жеңілдікке сейкес, бір орынды 20 мың теңгеге алуға болады", — деді ол.


Айта кетейік, ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада 95 хостел жұмыс істеген болатын. Ондағы жатын орын қоры 4500 құрады. Сондай-ақ өткен үш айда қалаға келген 22 мың мейман хостелдерді паналаған екен.
 

Соңғы жаңалықтар