Бұл туралы Otyrar tv арнасы хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Іс Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы, «Зорлау» бабы және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен түскен.
Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Заманбек Исмаилдің otyrar.kz аймақтық порталына хабарлауынша, сот Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабының 1-бөлігі талаптарына сәйкес сот отырысын жабық режимде өткізуді қажет деп санаған.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылдың 5 маусымынан 6 маусымына қараған түні болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз отбасылық дүкеннен үйіне қарай шыққан, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Туыстары мен ауыл тұрғындары полициямен бірге оны түні бойы іздеген, алайда таңертең оның мәйіті балабақша қоршауының жанынан, жол бойынан табылған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәйіт табылған күні полиция марқұмның отбасы дүкенінің жанындағы наубайханада жұмыс істейтін еңбек мигрантын ұстаған.