Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев ARAL атты су қауіпсіздігіне арналған халықаралық конференцияда айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оның айтуынша, бұл канал арқылы Әмудария өзенінің көп бөлігі Ауғанстанға бұрылады. Салдарынан судан тапшылық көріп отырған Өзбекстан мен Түрікменстан Сырдариядағы суды көбірек ала бастайды. Ал бұл Қазақстанға келетін судың 30–40 пайызға дейін азаюына алып келуі мүмкін.
«Әмудариядағы судың 25–30 пайызы Қош-Тепе каналына бұрылуы мүмкін. Сондықтан көршілес елдер Сырдариядан көбірек су ала бастайды. Бұл жағдай Қазақстан үшін өте маңызды су ресурстарының жетіспеуіне әкеліп соғады», – деді Әміртаев.
Ол бұл мәселені шұғыл түрде халықаралық деңгейде, соның ішінде Ауғанстанмен тікелей келіссөз арқылы шешу керек екенін атап өтті.
Қош-Тепе каналы Ауғанстанның солтүстігінде салынып жатыр. Ұзындығы – 285 шақырым. Ол су тартуды тікелей Әмудариядан жүргізеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең маңызды өзендердің бірі. Сарапшылар бұл жобаның аймақтағы су тапшылығын одан әрі күшейтетінін бұрыннан айтып келеді.
2025 жылғы наурызда бұл жобаны АҚШ-тың USAID ұйымы жасырын түрде қаржыландырып жатқаны белгілі болды. Бұл жағдайға тек экологиялық немесе әлеуметтік мәселе ретінде емес, сонымен қатар геосаяси қауіп ретінде қарауға мәжбүр етеді.
Азаматхан Әміртаевтың пікірінше, Қазақстан көрші елдермен бірігіп, суды бірге және әділ пайдалану жолдарын қарастырып, нақты ортақ стратегия қабылдауы керек. Әйтпесе, бұл жағдай ауыл шаруашылығына, энергия өндірісіне және елдің оңтүстігіндегі халықтың өміріне зиян тигізеді.
Су мәселесі қазір Орталық Азия үшін тек табиғи ресурс емес, үлкен саяси мәселеге айналып отыр.