Су басқан аймақтардан 11 306 адам эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су басқан аймақтардан 11 306 адам эвакуацияланды

Су басқан аймақтардан 11 306 адам эвакуацияланды

Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, барлық азаматқа көмек көрсетілетінін айтты.

  • 1 Сәуiр
  • 17
Фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы Dauletten-ге сілтеме жасай отырып.

Штаб басшысы – Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды. 

Штаб отырысында әкімдер мен министрлер су тасқынына қарсы күрес шараларын баяндады:

  • Уақытша орналастыру бекеттерінде қазір 5 456 адам бар. 
  • Су шайып кеткен 40 автожолды, көпірді және 39 жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары бақылауға алынды. 
  • Көлік қатынасы тоқтап қалған елдімекендермен байланыс орнатылып, әкімдіктер азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қорларын дайындады. 
  • Жұмысқа 7 мыңнан астам адам, 2000 техника және әуе кемелері тартылды.