Су басу жағдайы көктемгі егіс науқанына кедергі жасамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су басу жағдайы көктемгі егіс науқанына кедергі жасамайды

Су басу жағдайы көктемгі егіс науқанына кедергі жасамайды

Бірқатар өңірлердің аумағын су басқанымен, оның көктемгі егіс науқанына кедергісі жоқ. 

  • 15 Сәуiр 2015
  • 1122
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астанада көктемгі егіс жұмыстарына арналған брифингте Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің директоры Мұрат Әсілбеков мәлім етті.

«Қарағанды және солтүстік өңірлерде бүгінде көктемгі егіс науқаны басталған жоқ. Атап айтқанда, бұл облыстарда егіс жұмыстары мамырдың екінші онкүндігінен басталады. Соған байланысты су деңгейінің көтерілуі егістік жұмыстарына еш әсер етпейді»,- деді ол.

Сонымен қатар Мұрат Әсілбеков Қарағанды облысының негізгі астық егетін аудандарын су баспағандығын атап өтті.