Су таратқыштағы апат салдарынан Қостанай сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су таратқыштағы  апат салдарынан Қостанай сусыз қалды

Су таратқыштағы апат салдарынан Қостанай сусыз қалды

Су таратқыштағы апат салдарынан Қостанай бірнеше сағат бойы ыстық және суық сусыз қалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Шiлде 2005
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Қостанай су» ҚКК-ның директоры Игорь Киселевтің айтуынша, апат 5-шілде күні 18 сағат 40 минутта диаметрі 800 мм болатын Мәскеу су таратқышында болған. «Бұл 60-шы жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан ең үлкен магистраль»,- дейді И.Киселев.

Тозығы жеткен тиек арматураның істен шығуы салдарынан апат болған жерде биіктігі 40 метрлік су фонтаны түзілді. Су таратқыштың орналасу жағдайы мен қаладағы басқа магистральдардағы тиектердің ахуалын ескеру негізінде облыс орталығына су жіберуді біржола доғара тұруға шешім қабылданды.
Осыдан бірнеше сағаттан кейін ыстық су қамтамасыздығы жүйесіне су жіберу мүмкіндігінен айрылған Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы Жылу электр орталығының жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Соның салдарынан қаланың үштен бір бөлігі ыстық судан да құралақан қалды.
Апат орнына қалалық коммуналдық кәсіпорынынң иелігінде болған бүкіл техника, жөндеуші топтар мен өрт сөндірушілер жаппай жұмылдырылды. 70 адам суды сорғызып алу жұмысымен айналысты. Істен шыққан тиек 8 сағатта алмастырылды. Оның құны 1 млн. теңге тұрады, дейді И.Киселев.
Қаладағы су қамтамасыздығы сағат 10 шамасында қалпына келтіріле бастады. 11 сағатта желідегі қысым 4 атмосфераға жетті. «Нормаға саналатын 5,3 атмосфераға түстен кейін қол жеткізіледі»,- деді И.Киселев.
«Су таратқыш қалпына келтірілген соң 6 сағат ішінде біз қаладағы пәтерлерге ыстық су жіберуді қайта жандандыра аламыз»,- деді KZ-today тілшісіне Қостанай жылу электр орталығының бас инженері Николай Беляк.
Апаттан кейін үш күн ішінде су хлормен асыра өңделеді.

Перейти к новостям спорта