Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖМ-ның мәліметінше, бүгінде 16 мың адам өз үйлеріне оралған. 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала эвакуациялау пункттерінде.
«Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 116 949 адам, оның ішінде 40 781 бала, оның ішінде тартылған әуе кемелерімен 3 878 адам, оның ішінде 1 501 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 112 539 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды», — делінген ТЖМ жариялаған хабарламада.