Су тасқынынан өңірлерде 8,1 мың мал қырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқынынан өңірлерде 8,1 мың мал қырылды

Су тасқынынан өңірлерде 8,1 мың мал қырылды

Су тасқыны кезінде еліміз аумағында 88 мың мал қауіпсіз аумаққа шығарылды.

  • 10 Сәуiр
  • 31
Фото: ДЧС Акмолинской области

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Су тасқыны кезіндегі шығынды барынша азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерімен бірлескен әрекеті арқылы 88 мыңнан астам бас мал қауіпсіз аумаққа шығарылды. Жедел деректер бойынша өлген мал саны — 8,1 мың. Оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд мал өлекселерін жою жұмыстарын жалғастырып жатыр», — деді О. Тілебалдин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, қазір 4,1 мың малдың өлексесі жойылды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасады. Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны садарын жою жөніндегі республикалық штаб өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмін бекітті. Мал иелерін анықтау, келген шығынды есептеу және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдар шығынды анықтау жөніндегі комиссияларды құрды. Мал иелері тиісті мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек. Қырылған мал бал басына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады.

«Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдай, сондай-ақ мал иелеріне келген шығынды өтеу мәселелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында», — деді ресми өкіл. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында су тасқынынан қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі әзірленді.