Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар су тасқынының зардаптарын жоюға 140 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
АФМ басшысы зардаптарды жоюға бөлінген ақшаның барлық зардап шеккен азаматтарға нақты жетуі үшін мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Мәселен, Алматы қаласы, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Ұлытау облысындағы қаржы мониторингі органдары ұрлық дерегі бойынша төрт іс қозғады.
Күдікті ретінде бес адам анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты», — делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.