Су тасқыны. Президенттер мәселені телефон арқылы талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны. Президенттер мәселені телефон арқылы талқылады

Су тасқыны. Президенттер мәселені телефон арқылы талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвпен телефон арқылы сөйлесті. 

  • 3 Мамыр 2020
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарын жою жөніндегі Өзбекстанның қолға алған іс-қимылдарын жоғары бағалап, бауырлас әрі тату көрші өзбек халқына көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Шавкат Мирзеёв Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, аталған апат Қазақстанның оңтүстігіндегі бірқатар елді мекенге де зиян тигізгеніне өкініш білдірді. Осыған орай Өзбекстан Президенті су тасқынынан зардап шеккен аудандарды тезірек қайта қалпына келтіру мақсатында бірлескен шаралар қабылдауға ниетті екенін айтты.

Мемлекеттер басшылары қалыптасқан жағдайға орай туындаған барлық мәселені шұғыл шешу үшін екі елдің Үкіметтері деңгейіндегі үйлесімді жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар тараптар COVID-19 вирусына қарсы күресте екі елдің атқарып жатқан тиімді әрі жүйелі жұмыстарына көңілдері толатынын айтып, соның арқасында індеттің кең таралуына жол берілмегеніне тоқталды.

Осы ретте тараптар пандемияның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға кері әсерін болдырмау мақсатында екіжақты ықпалдастықты жандандыру қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда ауыл шаруашылығы, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салалардағы экспорт әлеуетін арттыру үшін бірлескен өндіріс орындарын ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Қазақстан тарапының бастамасымен болған әңгімелесу жылы және достық рәуіште өтті.

Айта кетейік, кеше Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасындағы бөгеттердің бірі жарылып, айналасындағы елді мекендерді су басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.