Су тасқыны Венецияның 70-ке жуық пайызын басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны Венецияның 70-ке жуық пайызын басып қалды

Су тасқыны Венецияның 70-ке жуық пайызын басып қалды

Нөсерлі жаңбыр мен оңтүстіктен соққан қатты желдің салдарынан Венеция қаласында су деңгейі көтерілді.

  • 12 Қараша 2012
  • 415
Фото - Caravan.kz

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тасқын салдарынан қаланың 70-ке жуық пайызы судың астында қалды. Судың деңгейі қалада қалыпты нормадан 1,5 метрге жоғарылады, деп хабарлады РБК.

Мэрия төтенше жағдай жариялады, мектептер мен басқа да мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ туристік бағыттар жабылды.

Венециядан басқа Италияның солтүстігіндегі батыс жағалауындағы қалалар апаттың құрбаны болды. Билік өкілдерінің берген мәліметтеріне көз жүгіртсек, 2012 жылы Тоскана және Лигурия облыстарында 13 адам су тасқынының салдарынан ажал құшты.

Соңғы жаңалықтар