Caravan Logo

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған үйлер құрылысына студенттер де атсалысуда - БҚО

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған үйлер құрылысына студенттер де атсалысуда - БҚО

Қазіргі кезде құрылысшылар 90 пәтерлік үйдің екінші қабатының кірпішін қалауды аяқтады. Құрылысқа 497 млн. теңге бөлінген. Учаске бастығы Александр Стасюкевичтің айтуынша, мұнда 72 адам жұмыс жасауда. Үйді жылыту маусымына дейін бітіру үшін олар уақытпен санаспай еңбек етуде.

Құрылысшыларға студенттік жасақтар жауынгерлері де көмектесуде. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 15 студенті мен отбасылық үлгідегі балалар ауылының 8 тәрбиеленушісі өз үлестерін қосуда.

«Отделстрой» ЖШС құрылыс саласында 37 жыл бойы өз қолтаңбасын қалдырып келе жатса, оған 14 жылдан бері Валентина Михно басшылық етеді.