Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлқожа бұл туралы “Oyan” таңғы хабарында айтты.
“Елдің бәрі айтып жатыр ғой, Димаштан кейін деп. Жоқ біз Димаштан бұрын бастадық,” – деді ол.
Ол осы орайда әнші ер азаматтардың бастамашы болмағанын, сондықтан тізгінді өз қолына қолына алғанын айтты.
“Өнер адамдары біріге бермейді. Арқалықты су алды жаңағы… Мен ер адамдар бірінші бастайды деп ойладым. Бірақ ешкім біріге қоймады. Себебі әркім әр жерден өз беріп жатты ғой”
Ал ақша жинау басталғанда кейбір өнер адамдарының қарызға алып бергенін де айтып қалды.
“Зейнетке шыққан апаларымыз бар. Табысы жоқ. Бірақ қарызға алып берді. Бізде 27 миллион теңге жиналды.”
Әнші жиналған ақшаға 10 уақытша баспана алғанын, сондай-ақ су етік, киім секілді тұрмысқа қажетті керек-жарақ алып мұқтаж өңірлерге апарғанын айтты.
Cондай-ақ Роза Әлқожа осы су тасқыны кезінде кейбір эстрада жұлдыздарының бергені көрінбей қалғанын да атап өтті. Мысалы Ерке Есмахан мен Бағжан Октябрьдың әрқайсы 6 миллион теңгені көмекке бергенін айтты.