Екі ведомстводан тағайындалған тәжірбиелі тергеушілер тобы ұшақтың қалдықтарын жинап жүріп ақаудың неден кеткенін анықтауы тиіс. Бұл авиациялық техниктердің әуе көлігін оқу жаттығуға қаншалықты тиянақты әзірлегенін түсінуге керек. Су-27-нің ұшқаннан бастап құлағанға дейінгі уақытын әр секундына дейін нақтылау үшін күрделі сарапталамар жүргізіледі. Талдықорған әуе базасының барлық әскери шенділерінен де жауап алынбақ. Тергеуге Су-27 құрастырған ресейлік зауыт пен 5 жыл бұрын жөндеуден өткізілген Беларусьтегі кәсіпорынның мамандары тартылатын болады. Ал тексерістің әділ жүргізілуін бүгін бұрынғы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев тағы талап етті.
Мұхтар Алтынбаев, Сенат депутаты:
— Соңғы жылдары азаматтық не әскери авиация болсын апат көбейді.Авиация саласында көптеген олқылықтар бар. Сол кемшіліктердің уақытылы жойылмауы кедергі болып отыр. Менің ойымша, Су-27 апатын жақсылап тексеріп, сараптама өткеннен кейін шара қолданып мұны тоқтату керек. Апаттың алдын- алу керек.