Судан зардап шеккендер көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Судан зардап шеккендер көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады

Судан зардап шеккендер көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады

Өтінімдер бойынша зақымданған мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі

  • 17 Сәуiр
  • 42
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды.

Жаңа функционалды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі.

Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте «Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама» қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректі толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

«Әлеуметтік көмек» автоматты ақпараттық жүйесі арқылы өтінім оқиға орын алған ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға түседі. Өңделген өтінімдер бойынша зақымданған мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі», — делінген хабарламада.

Бағалауды жүргізуді бақылау фото және бейнетүсірілім, сондай-ақ FSM social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксациялау арқылы тіркеледі.

Енгізілген тетік барлық мәліметті цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді.

Үшінші тұлғалардың азаматтардың жеке деректерін алуын болдырмау үшін тек eGOV Mobile ресми қосымшасын пайдалану қажет.