Судьяға «сен» дегені үшін сотталып кетті - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Судьяға «сен» дегені үшін сотталып кетті - Қызылорда облысы

Судьяға «сен» дегені үшін сотталып кетті - Қызылорда облысы

Жалағаш аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік білдіріп, құқық бұзған азамат Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралып, ол 3 тәулікке сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қазан 2014
  • 473
Фото - Caravan.kz

Жалағаш аудандық сотының мәжіліс залында С.-ның заңды маңызы бар фактіні анықтау жөніндегі азаматтық ісі бойынша куә ретінде қатысқан Д. бірнеше ескертулерге қарамастан төрағалық етуші судьяға «сен» деп дөрекі сөйлеп, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбай, сот ғимаратында тәртіп бұзып, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

Сот құқық бұзушы Д.-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 513-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алуға қаулы етті. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.