Суға кеткен 4 адамның денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суға кеткен 4 адамның денесі табылды

Суға кеткен 4 адамның денесі табылды

Суға кеткен 4 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 12 Шiлде 2011
  • 482
Фото - Caravan.kz

11 шілде күні Қызылорда облысында Сырдарияға 32 жастағы жігіт батып кеткен еді. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.

Ал Алматы облысында Қапшағай су қоймасындағы «Яхта-клуб» демалыс аумағында да осындай қайғылы оқиға орын алды — суға шомылып жүрген жерінде 20 жастағы жігіт суға кетті. Оның денесін судан сол маңда шомылып жүргендер алып шықты.

Сондай-ақ 10 шілде күні Қызылорда облысындағы Шіркейлі каналына суға кеткен 29 жастағы әйелдің денесі табылды. Оның денесін іздеу жұмыстарына судағы құтқару қызметі жұмылдырылған болатын.

Сол күні Қостанай облысындағы «Элеваторщик» саяжайындағы қазандыққа шомылып жүрген жерінде суға кеткен 50 жастағы азаматтың денесі судан алып шығарылды.

Соңғы жаңалықтар