Жарияланды: 370

Суға кеткен үш адамның денесі табылды

Қазақстанның бірнеше облысында суға кеткен үш адамның денесі табылды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен. Атап айтқанда сейсенбі, 28 маусым күні Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында Балқаш көлінен 55 жастағы балықшының денесі табылды. Осыдан бір күн бұрын суға кеткен оның денесін судан құтқарушылар алып шықты. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында осындай оқиға тіркелді. Келес өзенінен осыдан бір күн бұрын кешке суға батып кеткен 40 жастағы әйелдің денесі шығарылды. Кеше құтқарушылар сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында Сырдариядан 17 жасар жасөспірімнің денесін тапты. Ол дүйсенбі күні шомылып жүріп суға батып кеткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін