"Суицид болмауы да мүмкін": Айман Омарова әскерде өзіне қол салған сарбаздың ісін өз қолына алып, тың деректермен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Суицид болмауы да мүмкін": Айман Омарова әскерде өзіне қол салған сарбаздың ісін өз қолына алып, тың деректермен бөлісті

"Суицид болмауы да мүмкін": Айман Омарова әскерде өзіне қол салған сарбаздың ісін өз қолына алып, тың деректермен бөлісті

Жамбыл облысында өз-өзіне қол жұмсаған мерзімді қызметтегі сарбаз Мираш Бекболдың киімі мен аузынан бөтен адамның биоматериалы табылған болатын.

  • 31 Қаңтар 2023
  • 1070
Фото - Caravan.kz

Осы істі кеше ғана өз қолына алған адвокат Айман Омарова Caravan.kz медиа порталының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

— Бұл істі қолыңызға алғаныңызды білдім. Істі қарап бастаған бойдан сізді не таңқалдырды?

Әлі барлық материалдармен танысқан жоқпын. Сарапталармен танысып шықтым. Хабарламаны бүгін жібердім. Бекболдың әкесімен кездесіп, келісім-шартқа қол қойдық. Содан кейін барып олардың қолдарындағы кейбір материалдармен таныстым. Құқық қорғау органдары әлі таныстырған жоқ. Оларға өтініш пен хабарламаны енді ғана жібердім. Соның өзінде де экспертизаны көрген сәттен таңқалатын жағдайлар бар. Соттың сараптамасы бойынша зорлық болған. Нақты үш адам көрсетіліп тұр. Бұл жерде 10-нан астам көп адамнан алынған. Сот молекулярлық-генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша, бес тұлғадан кем емес  адамның шәуеті табылған, оның үшеуі анықталған. Анықталған Қ.,А.,К. Сараптамада “тағы да екіден астам” деп жазулы тұр. Тағы екі адам болса, онда тағы 3,4,5 адам болуы мүмкін. Анықталған үш тұлғадан басқа тағы да екіден көп адамның шәуітінің биоматериалдары табылды. Жейдесінен, шалбарынан табылғанына қарағанда бұл жерде зорлық болған деп санаймын. 20 жылдан астам уақыттан бері осы зорлық-зомбылық ісімен айналысып келе жатырмын. Қазірдің өзінде де менде 18 іс бар.  

— Бекболдың ата-анасының жағдайы туралы айтып өтсеңіз… Бұл жағдай ата-анасына ауыр тиіп жатқан шығар?!

Ата-анасына өте қатты ауыр тиіп жатыр. Қазір Бекболдың әкесі де, анасы да ауырып жатыр. Өте қиын жағдай. Марқұм Бекболдың інісі мүгедек. Жағдайлары өте қиын. Ата-анасының тірегі, үміті осы Бекбол болған.

— Кейбір істерде қыздарды зорлағандардың ДНҚ-сы шықпай қалатын жағдайлар болып жатады. Ал бұл жерде өзге ер адамдардың биоматериалдары ауыз қуысынан табылып тұр. Демек, осы жағдай Мираш Бекбол қайтыс болатын күні орын алған болуы мүмкін бе?

— Иә, асылып қаларының алдында болған. Киімінде табылып тұр, сондықтан нақты асылып қаларының алдында болған жадғай. Мүмкін одан да бұрын болып жүрген шығар. Асылып қаларындың алдында болған екені анық. Бұл жерде бұлар істі жасырып отыр дегенім – құқық қорғау органы нағыз қылмысты, ауыр қылмысты жасырып отыр.

— Табылған шәуіттердің офицерлерге де тиісі болуы мүмкін бе?

— Мүмкін, алайда ол кімге тиесілі екенін айта алмаймыз. Сот сараптамасы нақты үш адамға тиесілі болғанын көрсетіп отыр. Нақты аты-жөнімен көрсетіп отыр. Барлығы зерттелмеген деп ойлаймын. Құқық қорғау органдары әдейі зерттемей отыр деп ойлаймын. Басқаларды зерттеп жіберсе, мүмкін тағы шығады. Қалған ДНҚ тапсырмаған адамдарды зерттесе, солардан да табылатын еді.

— Естуімше, бұрын КСРО кезінде әскерге алғанда 3 жылға адамның қозуын басатын укол салынатын. Осындай шара қазіргі кезде керек деп ойламайсыз ба?

— Ондайды мен де естігенмін. Кейбіреулерге тамаққа қосып берген деп естігенмін. Бұл жағдай қозудан болып отырған жоқ. Зорлыққа баратын адам қозуға да, басқасына да қарамайды. Бұл жерде зорлық-зомбылық, қорлау, мазақ ету орын алып отыр. Ең басты мәселе мынада. Біріншіден, сарбаздар өз үйлеріне жақын болатын жерлерде әскери борыштарын өтесе деймін. Бұл кәсіби армия емес қой. Маңғыстаудың, Атыраудың балаларын Жамбылға апарудың қажеті не? Сол үшін жақын жерде борышын өтеу керек. Қай жерде тұрып жатыр, сол жерге жақын жерде борышын өтесе деймін. Екіншіден, телефонға мүмкіндік берсе, байланыс болса оңайырақ болады. Үшіншіден, контрактниктер мен әскерге енді келгендерді араластырып қояды. Ол да дұрыс емес. Өйткені, өздерімен бірдейлер болса ол басқа. Ал өзінен үлкен болса, ол мүлдем басқа. Бұл жерде бізге реформа керек. Ешқандай реформа болып жатқан жоқ. Бекболдың ісіне байланысты тағы бір мәселе бар. Оның аузынан табылған биоматериал өзіне тиесілі дейді. Адам өз спермасын өзі жұта ма? “Істі таныстырыңдар, мені кіргізіңдер” деп қағаздарды жіберіп жатырмын. Өзіңіз білесіз, басында қызына байланысты өзіне қол салды деді, анау деді, мынау деді. Асылған кезде, қасындағы жігіттің белбеуімен асылған дейді. Бір қызық жері, адам асылайын деген кезде белдегі белбеу кедергі келтіреді. Ол өзге адамның белбеуімен асылатын болса да өзінікі кедергі келтіреді. Асылуға еркін болу үшін өзінкін шешу керек болатын. Сот сараптамаларына қарап отырып, нақты қылмыс болғанын айта аламын. Бұл жерде 121 баптың 2 бөлігі болып тұр. Солай сипаттасақ болады, соған келіп тұр.

— Сарбаздың зорланғаны, сперма табылғаны мәлім болды. Тергеу органдары неліктен суицид деп істі жылы жабуға тырысып отыр?

— Бұл шекара әскері ҰҚҚ-ға тиесілі. Екіншіден, өзімізге сөгіс келеді деп өздерін ойлап отыр. Бұларға біреулер үстерінен бұйрық беріп отыр. Мүмкін қаржы мәселесі, сыбайлас жемқорлық ісінің қатысы бар шығар. Әйтпесе сперма табылғандардың барлығын қамау керек еді. Үшеуін қамап тастаса тағы кім болғанын айтып береді. Үш күдікті де куәгер болып отыр. Олар қайдағы куәгер? Олар күдікті, үшеуін де қамау керек. Сержантты қамап отыр, мыналарды неге қамамайды?

— Айман ханым, Бекбол асылап тұрғанда оны тауып алған жолдасы туралы сұрағым келіп отыр. Дәл сол жігіт Бекбол Мирашқа “минет жасап бергеніңе рақмет” деп оған ақша жібергені айтылып жатыр. Сол жігіт туралы айтып өтсеңіз…

— Дәл Бекболға жіберілгені нақты расталмады. Басқа бір солдаттың телефонынан алған ба сондай бір нәрсесі бар. Сол үшін нақты оған жазған ба, жоқ па оны айта алмаймыз. Ол бұны басқа солдатқа жазса, демек ол жерде зорлық-зомбылық көріп жүрген басқа да солдаттар бар. Нақты айта алмаймын. Кеше “Астарлы ақиқат” бағдарламасында кімнің айтқаны есімде жоқ, бір адам солдаттың бірінің телефонында видео ма бірдеңе барын айтты. “Телефонды менен алып қойсаңдар өлемін” деген екен. Менің ойымша суицид болмауы да мүмкін. Біреу оны іліп қойса мойны басқаша болады, ал өзі асылса мойны басқаша болады. Оны асылса да, басқа біреу асқан болса да оны білуге болады. Бірінші сарапшыларға бұл жерде сенім болмай отыр.

ЕСКЕРТУ: Сұхбатты көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты керек!