Суицидтің көбеюі мен ҰБТ сынақтың арасында қаншалықты байланыс бар? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суицидтің көбеюі мен ҰБТ сынақтың арасында қаншалықты байланыс бар?

Суицидтің көбеюі мен ҰБТ сынақтың арасында қаншалықты байланыс бар?

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгелуінің жасөспірімдер арасында суицидтің артуына қаншалықты әсер етті деген мәселенің мәніне көз жеткізуге тырысып жатыр.

  • 9 Қараша 2012
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аталған ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Бұл Қазақстанды ғана емес, әлемнің көптеген елдерін толғандырып отырған мәселе. ЖОО-на тапсыру емтиханымен байланысты болған оқиға есімде жоқ. Сондықтан біз қазір жағдайды жан-жақты талдап жатырмыз: шынымен де солай ма? (…) Мұның ҰБТ-мен қаншалықты байланысы барын тексеріп көруіміз керек», — деді ол жұма күні журналистерге.
«Дамыған елдерде суицид көрсеткіші өте жоғары. Сондықтан, бұл тек Білім министрлігінің ғана емес, көптеген мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ата-аналар мен мектептердің проблемасы», — деп қосты ведомство басшысы.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Білім және ғылым министріне сауал жолдап, жастар арасында суицидтің көбейіп кетуіне алаңдаушылық білдірген болатын.
Оның ойынша, «өз-өзіне қол салушылар саны Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен кейін күрт көбейді.

Соңғы жаңалықтар