Сүйген жігітім отбасылы болған - Ділназ Ахмадиева - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сүйген жігітім отбасылы болған - Ділназ Ахмадиева

Сүйген жігітім отбасылы болған - Ділназ Ахмадиева

Бірнеше күн бұрын ғана АҚШ-тан оралған Ділназ Ахмадиева ағынан жарылып сұхбат беріп, тыңдармандарды мазалап жүрген бірқатар сұрақтарға ашық жауап берді. Бұған дейін отбасылы азаматқа ғашық болып қалған Ділназ онымен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты. Сондай-ақ, тоқал болуға қатысты пікірін білдірді.

  • 26 Қараша 2017
  • 1435
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ділназ Gakku FM радиосына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.

“Сүйікті адамым бар, бірақ отбасылы. Әйелі, балалары бар, сондықтан да бірге бола алмаймыз. Жалпы басталмай жатып аяқталатын хикаялар болады, менікі сондай хикая. Шынайы ғашық болдым. Бірақ ол адамды өз жайына қалдырдым, бағыма орай ол да мені ұстамады. Барлығы өзімнің ақылымның арқасында деп ойлаймын. Өмірлік ұстанымым: Менікі болмаса, демек оған таласпаймын. Ғашық болдым екен деп ондай құрбандыққа бармаймын”, – деп мәлімдеді Ділназ.


Бұдан бөлек, әнші барша аруларға өз кеңесін айтты: “Қыздар, тоқал болуға келіспеңіздер, жалғыз болыңыздар. Біреудің отбасын бұзуға болмайды, себебі оның арты жақсылыққа апармайды”, – дейді Ахмадиева.