Күдіктінің жалған полицей екенін мейрамхананың күзет қызметі біліп қойған. Қарауыл дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп, ғашығымен демалып отырған жігіт ағасын ұстатып жіберіпті. Артынша анықталғандай, күдікті мүлдем еш жерде жұмыс істемейді екен.
Тәртіп сақшалары анықтағандай, 41 жастағы ер азамат бұл қылығы арқылы өзінің серігінің жүрегін жаулағысы келген. Оқиғаның барысын анықтау мақсатында ер азамат Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не жеткізілді.
Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ СДБТТ тіркеліп, ҚР ҚК 390-бабымен «Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу» қылмыстық іс қозғалды. Аталған бапта көрсетілгендей бір жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Қазіргі таңда оқиғаның барысы жан-жақты анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.