Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 38-ші концерттік маусымының шымылдығын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 38-ші концерттік маусымының шымылдығын ашты

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 38-ші концерттік маусымының шымылдығын ашты

І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 38-ші концерттік маусымының шымылдығын ашты.

  • 15 Желтоқсан 2010
  • 1418
Фото - Caravan.kz

Көрермендер алдында халықаралық және республикалық фестивальдердің жүлдегері «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі өнер көрсетті. Ансамблді 1985 жылы этнограф Ө.Жәнібеков құрған болатын. Шығармашылық ұжымның мүшелері Вьетнам, Лаос, Бельгия, Оңтүстік Корея, Непаль, Түркия, Қытай елдеріне гастрольдік сапарлар жасаған.

Биыл халықаралық және республикалық фестивальдердің бірнеше мәрте лауреаты атанған Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестріне 20 жыл толады. Музыканттар Ресей, Түркия, Қытай, Қырғызстан, Оңтүстік Корея көрермендеріне өнерлерін көрсеткен.

Концертке сондай-ақ «Сазген», «Адырна», «Қобыз сарыны» фольклорлы-этнографиялық ансамблдер, «Биг-Бенд» эстрадалық-үрмелі аспаптар ансамблі қатысты.

Перейти к новостям спорта