Сұйытылған газдың көтерме бағасы артады ма - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сұйытылған газдың көтерме бағасы артады ма

Сұйытылған газдың көтерме бағасы артады ма

Сұйытылған газдың көтерме шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жоба күйінде ғана. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 14 Қараша 2017
  • 143
Фото - Caravan.kz


«Қазір оған қатысты ештеңе айта алмаймын. Қол қойған жоқпын. Ол мәселені талқылау әлі ерте. Ол тек жоба ғана»,-  деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, кеше еліміздің кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жақында «Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы» Энергетика министрі бұйрығының жобасы талқыланатындығын жазған еді. Жарияланған мәліметке қарағанда, аталған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шекті бағасын қосылған құн салығын есепке алмағанда (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурыз аралығында) тоннасына 38 701.67 теңге мөлшерiнде бекіту ұсынылмақ.