“Sulpak” компаниясының жапондықтарға көмегінен қалыс қалмаңыздар! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Sulpak” компаниясының жапондықтарға көмегінен қалыс қалмаңыздар!

“Sulpak” компаниясының жапондықтарға көмегінен қалыс қалмаңыздар!

“Сакура – өмір гүлі”. Елімізде осындай атпен қайырылымдық акциясы өтуде. Шараны ұйымдастырушысы – “Сулпак” компаниясы. Ал қайырымдылық акциясының басты мақсаты – наурыз айында жойқын зілзаладан зардап шеккен жапон еліне қаржылай көмек көрсету.

  • 7 Маусым 2011
  • 529
Фото - Caravan.kz

Акцияға екі әдіспен қатысуға мүмкіндік жасалған: Жапонияның кез-келген техникасын “Сулпак” дүкендер желісінен сатып ала отырып, одан түскен пайыз көрсеткішімен көмек көрсете аласыз немесе  аталмыш сауда орындарында қойылған арнайы құтыға көңіл қалауыңызша ақша салуыңызға болады.

Денис Смирнов, “Sulpak” компаниясының Бас директоры:

— Акцияға  11 351 адам қатысты. Солардың 4 381арнайы қойылған құтыға ақша салып, көмек көрсеткендер. Жиналған қаржытікелей Жапониядағы көмекке зәру халыққа жолданады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоғары белсенділікті әсіресе Алматы мен Қарағанды тұрғындары танытты. Ал жалпы республика бойынша жиналған қаржы 12 миллион теңгеге жуықтаған.

Денис Смирнов, “Sulpak” компаниясының Бас директоры:

— Шара барысында 11 760 545 теңге жиналды. Оны бүгін Жапон Елшілігіне ресми түрде өткіздік. Аз да болса баспанасыз
,далада қалған тұрғындарға көмегіміз тиер деп үміттенем.

Қазақстан тарапынан көрсетіліп жатқан  ізгі бастамаға Жапония Елшілігі де дән риза.

Масахиро Катамото, Жапония Елшілігінің Алматыдағы бөлімінің басшысы:

— Өздеріңіз білесіздер, қазір жапон елі өте қиын-қыстау кезеңді бастарынан өткеруде. Осындай сәтте достық көмек көрсетіп, қайырымдылық білдіріп жатқан қазақ  жұртына алғысымыз шексіз.

Жалпы, сакура – бұл тек ерте бүршік ататын шие ағашы ғана емес, сонымен қатар байырғы заманнан жапон елінің басты символдарының бірі. Сондықтан болар, жапон елі дәл осылай қайта гүлдесіндеген ниетпен ұйымдастырушылар акцияны “Сакура-Өмір гүлі” деп атауды жөн санапты.

Соңғы жаңалықтар