Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұрын бұл қызметті Тимур Дәндібаев атқарған болатын.
Ал Сұлтан Қамалетдинов бұған дейін Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымы қызметін атқарған.
Тимур Тұрарұлы Дәндібаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Генерал-майор Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Астрахан облысында (РФ) дүниеге келген.
Ташкент жоғары танк училищесін бітірген; Танкіге қарсы әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы; Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы.
Еңбек жолы: Германиядағы совет әскері тобының танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводы командирі; танк батальоны командирінің орынбасары — штаб бастығы, танк батальоны командирі, танк полкінің командирі, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары — штаб бастығы, механикаландырылған бригада командирі (1986-2005); "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы басқармасының штабы бастығының орынбасары (2006-2008); "Оңтүстік" ӨҚ әскер қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары (01.2008-08.2008); "Оңтүстік" ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы — қолбасшының бірінші орынбасары (2010-2012); "Астана" ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы — қолбасшының бірінші орынбасары (2012-2013); "Астана" ӨҚ әскери қолбасшысы (2013-2016); ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының бірінші орынбасары (2016 жылдан) болды.