Сұлтанов Астана шетіндегі уақытша баспаналар мәселесін шешуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сұлтанов Астана шетіндегі уақытша баспаналар мәселесін шешуге уәде берді

Сұлтанов Астана шетіндегі уақытша баспаналар мәселесін шешуге уәде берді

Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған мәселені әкімдік қарастырып жатыр екен.

«Қазіргі таңда қала шетіндегі уақытша баспаналар (времянка) – автор), кенттегі мәселелерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселеге бір жақты қарауға болмайды. Оны шешудің жолын кешенді түрде қарастырамыз», - деді әкім Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылды қорытындылауға арналған отырысының кулуарында.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов бұл мәселені «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы шешуге мүмкін бар екенін айтып қалды.

«Тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда. Алданып қалған үлескерлердің мәселесін шешу үшін қаржы бөлінді.  Біз аталған ресурстарды біріктіріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй салуды қарастырудамыз. Осылайша, қала шетіндегі (уақытша баспана (времянка) – автор) мәселесін шешкіміз келеді», - деді ол.

Осы орайда қала әкімі аталған мәселеде азаматтардың төлем қабілетін, әлеуметтік көмекті ескеру маңызды екенін жеткізді.

«Сондықтан Үкімет жанында құрылған жұмыс тобы аталған ұсынысты тұжырымдайды. Қазіргі таңда бізде (әкімдік жанынан – автор) жұмыс тобының комиссиясы құрылды», - деп түйінде сөзін Бақыт Сұлтанов.

  • 7 Ақпан 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қала шетіндегі уақытша баспаналар мәселесін шешу қарастырылып жатқанын айтты.


Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған мәселені әкімдік қарастырып жатыр екен.

«Қазіргі таңда қала шетіндегі уақытша баспаналар (времянка) – автор), кенттегі мәселелерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселеге бір жақты қарауға болмайды. Оны шешудің жолын кешенді түрде қарастырамыз», — деді әкім Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылды қорытындылауға арналған отырысының кулуарында.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов бұл мәселені «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы шешуге мүмкін бар екенін айтып қалды.

«Тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда. Алданып қалған үлескерлердің мәселесін шешу үшін қаржы бөлінді.  Біз аталған ресурстарды біріктіріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй салуды қарастырудамыз. Осылайша, қала шетіндегі (уақытша баспана (времянка) – автор) мәселесін шешкіміз келеді», — деді ол.

Осы орайда қала әкімі аталған мәселеде азаматтардың төлем қабілетін, әлеуметтік көмекті ескеру маңызды екенін жеткізді.

«Сондықтан Үкімет жанында құрылған жұмыс тобы аталған ұсынысты тұжырымдайды. Қазіргі таңда бізде (әкімдік жанынан – автор) жұмыс тобының комиссиясы құрылды», — деп түйінде сөзін Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар